«Мен - Астаналықпын» атты өлкетану жобалары байқауы
14.12.2010 01:49

9 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Мен - Астаналықпын» атты өлкетану жобаларының қалалық байқауы мәресіне жетті. Осы байқауға құрметті қонақ әрі қазылар алқасы ретінде СӨСҚ орталығының мамандары қатысты.

Байқау 3 турдан тұрды, 1-турда – оқушылардың Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі жарияланғаннан кейінгі қаланың дамуын көрсететін «Астана – Тәуелсіздік жылдары» атты зерттеу жобалары дайындалды; 2-турда – тарихи-өлкетану викторинасы; 3-тур – зерттеу жобасымен таныстыру.

Байқаудың мақсаты: Отанға деген сүйіспеншілік пен патриотизмді тәрбиелеу, оқушылардың танымдық, зерттеушілік дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Байқау қатысушылары: 5-10 сынып оқушылары, қаланың 29 мектебінен барлығы 43 команда. Ұсынылған жобалардың тақырыптары қызықты әрі әр алуан: «Тарих беттерін парақтасақ», «Астана ескерткіштері. Өткенге тағзым, болашаққа көз тастау», «Кешегі және бүгінгі Астана», «Астана көшелері», «История развития РК в портрете Астаны», «Историческое переплетение судеб Астаны и Санкт-Петербурга», «Места проведения досуга школьников», «Литературная Астана», «Астана в стихах», «Средневековое городище Бозок» и др.

Байқауды әділ қазылар алқасы бағалады:

Ысқақов С. И. – бүкіл әлемге танымал, әлемнің 100 мемлекетін шарлап шыққан, Солтүстік және Оңтүстік полюстерде болған, көптеген атақтар мен марапаттаулардың иесі атақты саяхатшы;

Ғабдуллина М.Х. – «Туризм және сервис» кафедрасының доценті, биологиялық ғылымдардың кандидаты;

Аяпбекова А.Е. – географиялық ғылымдардың кандидаты, «Туризм және сервис» кафедрасының меңгерушісі;

Амангелді Ш.А. – ББ тәрбие жұмысы жөніндегі әдіскері;

Мустакова А.Ж. – Еуразия гуманитарлық институтының инновациялық технологиялар жөніндегі әдіскері;

Решетникова С.М. – СӨС қалыптастыру орталығының дәрігер-үйлестірушісі;

Пехтерева Л.Н. – жоғары санатты экскурсия жетекшісі, «Ақ қайың» Астаналық экскурсиялық қызметтер орталығының директоры;

Жаркимбаева Г.Г. – автор-орындаушы, «Бард әндерінің Грушиндік фестивалі» лауреаты;

Козляк Т.Н. – Жас туристер станциясы әдістемелік бөлімінің меңгерушісі;

Қарабаева Г.Б. – жас туристер станциясы экскурсия жетекшісі.

Байқау нәтижелері:

Орта жас тобы 5, 6, 7 сыныптар

Тур атауы Орын мектеп № сынып №
1 тур – Зерттеу жобасы 1 орын 5 6
2 орын 41 7
3 орын 53 6
2 тур – Тарихи-өлкетану викторинасы 1 орын 62 7
2 орын 36 7
3 орын 13 6
3 тур – Зерттеу жобасымен таныстыру 1 орын 56 7
2 орын 3 6
3 орын 41 7
Жалпы команданың алған орны 1 орын 5 6
2 орын 62 7
3 орын 41 7

Жоғары жас тобы 8, 9, 10 сыныптар

Тур атауы Орын мектеп № сынып №
1 тур – Зерттеу жобасы 1 орын 46 10
2 орын 32 9
3 орын 3 8
2 тур – Тарихи-өлкетану викторинасы 1 орын 2 8
2 орын 37 10
3 орын 46 10
3 тур – Зерттеу жобасымен таныстыру 1 орын 46 10
2 орын 59 10
3 орын 3 8
Жалпы команданың алған орны 1 орын 46 10
2 орын 3 8
3 орын 32 9

Фотогалерея

 

Біздің сауалнама

Сіз салауатты өмір салтын ұстанасыз бa?
 

Серіктестер

Молодежный центр здоровья города Астаны
Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы