«Өмір – бұл Өмір!»
18.03.2011 11:19

«Шабыт» шығармашылық сарайында 17 наурызда өткен есірткіге қарсы күрес тақырыпта қойылған агитацияшылардың қойылымының қалалық шығармашылық сайысты дәл осылай аталады.

Сайыс ҚР БжҒМ, ҚР ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитетінің, Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының қолдауымен Қазақстандағы Скауттық қозғалыс ұйымымен және Қазақстандағы АҚШ Елшілігімен ұйымдастырылды.

Сайысқа қатысушылар – Астана қаласының орта, орта-арнайы, жоғары оқу орындарының шығармашылық ұжымдары.

Сайыстың мақсаттары мен міндеттері:

  • жастар арасында есірткі сұранысын азайту;
  • жастардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, нашақорлықтың, алкоголизмнің, темекі шегудің баламасы;
  • есірткі проблемасын көрсету және жастардың тікелей қатысуымен шығармашылық қойылымдар арқылы есірткінің баламасы;
  • нашақорлықты алдын алу бойынша қаланың оқу орындарында курстар, жұмыстар жүргізу арқылы көтермелеу;

Астана қаласының құрама агитацияшылар бригадасын ұйымдастыру үшін шарттар жасау.

Сайыс 4 кезеңнен тұрды:

І кезең – орта-арнайы ұжымдары арасындағы сайыс;

ІІ кезең – мектеп ұжымдары арасындағы сайыс;

ІІІ кезең – жоғары оқу орындары арасындағы сайыс;

IV кезең – алдыңғы кезеңдерде алғашқы екі орынды алған ұжымдар арасында ақтық сайыс.

Сайысты келесі құрамдағы әділқазылар бағалады:

  1. Марко Великонье – Қазақстандағы АҚШ елшілігінің трансұлттық қылмыспен күресу бөлімінің басшысы;
  2. Айгүл Қадырова – БҰҰ жанындағы балаларға көмек беру төтенше қоры денсаулық сақтау мен жастарды дамыту секторының басшысы;
  3. Айтбаева Елена Игоревна – ҚР ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитеті басқармасы бастығының орынбасары;
  4. Ильиных Сергей Сергеевич – ІІД ЕКБ бөлімінің бастығы;
  5. Құрманов Марат Каиртаевич – Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры;
  6. Решетникова Светлана Максимовна – СӨС ҚО үлестіруші дәрігері, нарколог маманы;
  7. Шамишев Азамат – режиссер.

Актерлік қабілет, қойылымның негізгі ойын көрсету ерекшелігі, қойылымды дауыс пен әуенмен рәсімдеу, көріністің өзгешелігі, тақырыпты ашу бағаланды.

Барлық командалар лайықты қарсыластар болып, өздерінің жоғары деңгейдегі шеберлігін көрсете білді. Әділқазылар алдында үлкен әрі қиын таңдаудың алдында тұрды, себебі барлық командалар жақсы нәтиже көрсетті. Дегенмен де ең жақсы команда ҚазҰУИ болып аталды, екінші орында - № 35 мектептің оқушылары, келесіер – ҚазАТУ, № 38 орта мектеп, № 1 МЭЛ, медициналық –техникалық лицей. Бірақ жеңілгендер болған жоқ. Қойылымдар жоғары эмоционалды өтті, барлығы – қатысушылар мен көрермендер, әлбетте әділқазылар үлкен рақат алды.

Ал ең басты қуантатыны – біздің ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАРЫМЫЗ!

Барлық қатысушыларға алғыс хаттар берілді, 4, 5, 6 орындары үшін – естелік сыйлықтар алды. 1, 2, 3, орынды алған қатысушылар – сандық бейне камералар алды.

Қатысушыларға өзінің естелік сыйлықтарын: доптарды, үстел теннисіне арналған ракеткаларды, эспандерлерді Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы ұсынды.

Фотогалерея

 

Біздің сауалнама

Сіз салауатты өмір салтын ұстанасыз бa?
 

Серіктестер

Молодежный центр здоровья города Астаны
Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы