| «Көңілді бол, бізбен бол» жастар рэп-фестивалі |
| 22.08.2011 14:47 |
|
Аталған іс-шара Қазақстан Республикасының 20 жылдық Тәуелсіздігіне және 2011 жылдың 10 қыркүйегінде «Жастар» сарайының жанында өтетін «Денсаулық фестивалі – 2011» орайластырылды. Фестивалді СӨС ҚО директоры М.Қ. Құрманов ашты, ал ұйымдастырушы болып табылатын «Арман қала» жастар денсаулық орталығы атынан еріктілер жетекшісі Никита Шабаев сөз сөйледі. Аталған іс-шараның ерекшелігі фестивалді жастар өздері өткізгендігінде, яғни «Арман қала» ЖДО еріктілері: Маутқанов Қайролла, Құрман Әлібек, Кәмелтай Динара. Концерттік бағдарламада рэп-топтар салауатты өмір салтын насихаттау бойынша өнерлерін көрсетті. Осы акцияның негізгі мақсаты жастарда өмірге деген оң көзқарасты дамыту болып табылды.
|