Ең басында ресми құжаттардан бірнеше мәліметтер келтіруге рұқсат беріңіз: «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша жыл сайын қайтыс болатын 50 млн. адамның ішінде 16 миллионының өлім себебі инфекциялық және паразитарлық аурулар». Бұл аурулардың тобы қазіргі адамзат өлімі себептерінің ішінде жетекшілердің бірі болып отыр. Әлемдегі аурулар саны бойынша, ішек гельминтозының жұғуы дүние жүзінде үшінші орын алады. Балалардың психикалық және физикалық дамуының тежелу себептері паразитарлық аурулар болып табылады, ересек тұрғындардың еңбек қабілеттілігін төмендетеді. Ауру жұққан адамның ағзасында аллергия туғызып, паразиттер жұқпалы және соматикалық ауруларға қарсы тұруды төмендетеді, акцинопрофилактиканың нәтижелілігін төмендетеді. Көптеген елдерде паразитарлы аурулармен күресудің маңыздылығын ескере отырып, 2001ж. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының елу төртінші сессиясында 2010ж. дейін геогельментоздармен күрес стратегиясын мақұлдады». Ғаламшар тұрғындарының жартысынан көбі паразитарлы індеттерден зардап шегеді. Статистика... Ал шындығында?
