Біздің мақсатымыз – азап шегуден,
аурудан, алдын алу тозудан құтқара
алатын білімді әр адамға жеткізу
Белгілі бір ауруды емдегенде біз оның белгілерін жоюға тырысамыз, сырт көзге саумын деп есептеп, оның пайда болу себебіне үңіле бермейтініміз анық. Көп жағдайда мұның түп тамыры ескірген, тиімділігі жеткіліксіз диагностикалау техникасында жатса керек.
Бұл мәселені шешу мақсатында әр түрлі патологиялардың дамуына жол ашқан түрткіжайттарды анықтауға, соған сәйкес ауруды емес, адамның өзін емдеуге мүмкіндік туғызатын технологияларды дамыту қолға алынған. Мұндай әдістердің бірі – Гемосканерлеу (Темнопольды микроскоп, фазалық-контрасты әдіс, Гемоскрининг арқылы қанды сканерлеу). Жан-жақты ақпараттылығы мен дәлдігінің нәтижесінде ағзаның жағдайын анықтайтын аталмыш жедел тестілеудің болашағы зор.
Сіздің бір тамшы қаныңызды қуатты микроскоппен қарап, арнайы бейнекамера арқылы монитор бетіне 1800 есе ұлғайтып көрсеткенде, ағзаның жағдайы айдай анық көрінеді. Ғажайып па? Шындығында таң қалудың қажеті шамалы, өйткені бұл – ғылым, зерттеу мен дәрігерлік тәжірибенің жемісі.
Гемосканерлеу – Еуропа және Америка клиникасында қаралудың алтын стандартына кіреді (Еуропадағы құны 250 евро, Қазақстанда 25-40$).
Егер ағзаның ішінде бұзылыстар болса, қанның суреті тез өзгереді. Эритроциттер жабысқан күйде болуы ықтимал (агрегация), жасушалардың көлемі, пішіні, түсі ауысуы мүмкін. Плазмада әр түрлі қоспалар көрінуі мүмкін (холестерин, несеп қышқылы, микроб жасушалары, паразиттердің жұмыртқалары мен дернәсілдері, саңырауқұлақ инфекциясы, споралары және т.б.).
Темнопольды микроскопия әдісі өте сезімтал. Ағзамызды мықты қорғаныш күштерінің арқасында біз белгілі бір бұзылыстарды байқамай қалуымыз да мүмкін. Мұны шаш немесе тырнақтың өсуімен салыстыруға болады. Біз айнаға немесе өзімізге қарағанда ештеңе байқамауымыз да мүмкін. Тек оны қысқарту керек болған кезде назар аударамыз. Ауруды да дәрігерге бару керек болған кезде ғана «көреміз». Алайда, сол жерде «... осы уақытқа дейін қайда жүрсіз?» дегенді жиі естиміз. Көп жағдайда, кеш болған кезде...
Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы өмір сапасын жақсарту мақсатында инновациялық зерттеу әдістеріне негізделегн қызмет түрін ұсынады. Сіздің қаныңызды Темнопольды микроскоп арқылы тексергенде келесі көрініске тап боламыз.
- «ғасыр ауруларына» бейімділік (жүректің ишемиялық ауруы, инфакт, инсаульт, онкология, қант диабеті және басқалары);
- иммунитеттің жағдайы (лейкоциттердің белсенділігі мен жұмысы арқылы байқау);
- ағзадағы зат алмасу процестерінің жағдайы: май (холестерин), ақуыз (несеп қышқылы, фибрин) алмасуы. Микро және макроэлементтер, дәрумендермен қамтылуы: кальций, селен, мырыш, темір, В12 дәрумені, фолий қышқылы және т.б.
- паразитарлық инвазия (ДДҰ мәліметтері бойынша: тұрғындардың 90-95 ℅ паразитарлық инфекцияға ұшыраған);
- адамның биологиялық жасы;
- ашытқыш, бактериалды, саңырауқұлақтың инфекция;
- созылмалы шаршау синдромы;
- басқа талдаулар анықтай алмаған инфекциялар.
Темнопольды микроскоп арқылы қанды ғана емес, кез келген биологиялық сұйықты тексеруге болады. Соның ішінде бала бітпей жүрген отбасылардағы ер адамдардың шәуетін тексерудің мүмкіндігі бар. Көп жағдайда, бедеуліктің себебі ағзаның улануы немесе жыныстық жолмен берілетін инфекциялар болуы мүмкін.
Гемосканерлеу – Еуропа мен Америка емханаларында зерттеудің алтын стандарттыныңы қатарына кіреді (Еуропада аталмыш қызметтің құны 250 евроға дейін, ал Қазақстанда 25-40$ шамасында).
Бұл талдау әдісінің негізгі жетістіктері ретінде келесілерді атауға болады:
-қомақты ақпараттылық: бір тамшы қан арқылы бүкіл ағзаның жағдайын тексеру;
-толық шынайылық: еш болжамсыз тексеру;
-жеке бастылық: адам ағзасына жеке бастық денсаулық жағдайын жақсарту мәселесіне жол ашады;
-тиімділік: өз денсаулығына аурудың туындауынан бес минут емес, бес жыл бұрын назар аудару керек.
Сонымен бірге бұл зерттеуге денсаулық жағдайы сыр бермейтін жастар, спортшылар сияқты тұлғалар міндетті түрде жүгіну керек.
Алайда адамдар бізге аурулардың саны бастан асып кеткен жағдайда жолығады. Бірақ, дәл осында, темнопольды микроскоп арқылы қанды зерттейтін жерде олар нағыз аурулардың талдауына көз жеткізіп, өз ауруынан сауығуына жол ашылады.
Кез келген ауру – салауатты өмір салдтын ұстанбау, дұрыс тамақтанбаудың тікелей әсері. Біздің маманымыз аурудың себептерін анықтап береді, қабылданатын шаралар туралы кеңес береді. Аурудың анықтау себебін анықтау, емдеу арқылы оны мүлдем ұмытуға мүмкіндік туғызады. Осы ретте біздің ең негізгі емшіміз – ағзамыздың нақ өзі екендігін ұмытпаған абзал. Бұл жағдай біздің ағзамызды дәрілік препараттарсыз-ақ ұзартуға әрі ұлт денсаулығын сақтауға кең жол ашады.
«Шипа болатын дәрі-дәрмекті аспаннан іздемей, өзіміздің ішімізден іздеген дұрыс»
Астана қаласының Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы
e-mail: Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосулы болуы керек tel.: 8701 8858889
