Бұл мәлімет
- Сізді денсаулықты сақтау, спорттық келбет пен жастықты ұзарту көзқарасымен, тағам өнімдерін бағалауға бейімдейді;
- Өз көңіл-күйіңді қалай жақсартып, дені сау болуды түсінікті тілмен ұғындырады;
- Балалардың жақсы оқып, үйлесімді дамуы үшін оларды қалай тамақтандыру керек екенін ата-аналарға үйретеді;
- Құпияны ашады: не, қайда және неліктен меңгеріледі, біздің ағзадағы улы заттардың 85 % қайда жиналады және олардан қалай арылуға болады;
- Сізге әрбір адамның өзіне керемет және ақылды дәрігер бола алатынын көрсетеді.
Мына тақырыпта әңгімелесейікші.
- Өнімдердің сақтау мерзімі ұзақ, ал адам өмірі – қысқа.
- Дәріханаларда дәрі-дәрмектер (қазіргі заманғы) көп, ал дені сау адамдар – азаюда.
- Зерттеу әдістері өте қиын және жетілдірілген, ал аурулар – әр түрлі және қауіпті.
Бензин қозғалтқышына дизель отынын құюға болмайтынын, арнайы маркалы бензин құю керек екенін балаларда біледі. Және неліктен екенін біледі. Мұның бәрі қозғалтқыштың мезгілсіз тозбауы үшін.
Денсаулықты қалыпқа келтірмей, оны әуел бастан күту керек.
Біздің денеміз қоқысталғанда шаршау пайда болады, тері солады, көңіл-күй, көру, есту, есте сақтау нашарлайды, соңында созылмалы аурулар пайда болады.
Адамдар таза болу үшін не істейді? Олар күн сайын жуынады, тістерін тазалайды. Сол сияқты адам денесі де тазалауды, яғни іштен тазалауды қажет етеді. Және тек қана қоқыстардан ғана емес, сонымен қатар бактерия, вирус, таз ауруларынан, қарапайым және әр түрлі паразиттерден тазартуды қажет етеді.
Қоғамдағы сияқты біздің ішімізде де адамды «қарақшылардан»: әр түрлі паразиттер, бактерия мен вирустардан қорғайтын «тәртіп күзетшісі» - қан жасушалары болады. «Құқықбұзушы» ұсталды – оны бірден зиянсыз етіп, ағзадан шығарады. Ал «полициялар» жас, дендері сау, мықты, көп болса, олар не істеу керек екенін біледі. Ал егер білмесе?
Егер олар уытпен уланса, өздерінің «дұшпандарын» табу қабілетінен айырылған немесе саны аз болса, оның орнына қайырымды азаматтарды (аутоиммунды аурулар кезіндегі, ревматизм, бронхиалды астма және т.б.) «талқандаса»? Онда «бұзақылар» тарапынан кәдімгі агрессия басталып, ауру пайда болады. Біз сіздерге аңызға айналған фильмді көруге мүмкіндік беріп отырмыз, өзінің атауы айтып тұрғандай «Денсаулық – дана қаламақы...». бұл фильмде сіз өзіңізге қажетті адам денсаулығы мен оның ұзақ өмір сүру құпиясы туралы мәселелерге жауап табасыз. Адам ағзасындағы ауру себептері, оларды шешу, денсаулық пен тамақтанудың негізгі заңдары туралы, сонымен қатар қалай жақсы көңіл-күйді сақтау мен оны жақсы түрде ұстау кілттері туралы түсінікті, қарапайым тілде айтылады.
