Бұл бөлім салауатты өмір салты мен орынды тамақтануға қатысты қарапайым ұсыныстардан тұратын денсаулық формуласына арналады. Алайда, қарапайымдалығына қарамастан, адамның денсаулығы үшін физикалық және сауықтыру әдістемелерінің, жеке тамақ заттарының маңыздылығы туралы осы заманғы білімдерді жинақтау мен талдау негізінде әзірленгендіктен, бұл ұсыныстардың терең мағынасы бар.Бұл ұсыныстардың тек жеке бөліктерімен ғана шектелмей, толықтай қолданған жөн. Денсаулық формуласы ұсыныстарын қолдана отырып, көптеген созылмалы сырқаттардан, яғни жүрек, ми, шыжын ауруы, тіпті обыр аураларынан сақтануға болады. Созылмалы аурулар кезінде формула денсаулықты қайтаруға көмектеседі. Бұл ақпарат салауатты өмір салты: физикалық белсенділік пен орынды тамақтануға көңіл бөлетін көпшілік қауымға арналған. Өз денсаулығыңды дұрыс басқаруға үйреніп, бұл дағдыны бүгін-ертең ойламай, өмір бойы жетілдіру керек. Өз денсаулығыңның қожасы болуға үйрену. Ал бұл әдістерді қолданбас бұрын міндетті түрде өз денсаулығыңызды тестіден өткізу қажет, биологиялық жасыңызды анықтап, осы уақыттағы өз ағзаңыздың қорын бағалауыңыз керек. Бұл ережелер өте қарапайым, ал бастысы жеткілікті деңгейде ұнамды, бірақ бұл әдістемелерді біртіндеп және жүйелі түрде қолдануды ұмытпау керек.
