Медициналық қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихатату

11 желтоқсан Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің спорт кешенінде медициналық қызметкерлер арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл тодуына орай «Тәуелсіздіктің Жиырма Шыңы» - 20 жұлдызды күн шеңберінде Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының кубогына арналған спартакиада өтті.

Жарыс ерлер арасында шағын футбол, қыздар арасында волейбол және арқан тарту бойынша өтті.

Шағын футбол бойынша Стоматология орталығы бірінші орынды иеленді, екінші орынды Жедел жәрдем станциясы, үшінші орынды онкологиялық орталық алды. Барлығы 16 команда қатысты.

Волейбол бойынша келесі командалар жүлделі болды: бірінші орын – медициналық колледж, екінші орын - №5 қалалық емхана және үшінші орын – стоматология орталығы. Барлығы 12 команда қатысты.

Арқан тарту бойынша ең мықты команда Психологиялық денсаулық проблемалары медициналық оратлығы болды.

Жеңімпаздарға кубоктар, медальдер және мақтау қағаздар берілді.

Фотогалерея

 

Біздің сауалнама

Сіз салауатты өмір салтын ұстанасыз бa?
 

Серіктестер

Молодежный центр здоровья города Астаны
Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы