Аудандық спартакиада

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы Іс-шаралар жоспарының «Денсаулыққа 20 қадам» атты 12 тармағын жүзеге асыру мақсатында, 2011 жылдың 23 қарашасынан 12 желтоқсан аралығында өтіп жатқан Ұлттық денсаулық күні шеңберінде, «Нұр Отан» ХДП Алматы аудандық филиалы ҚР ДСМ «Травматология және ортопедия ғылыми зерттеу институты» РҚК бірге 2011 жылдың 3 желтоқсанында «Қазақстан» спорт сарайында төрт спорт түрі, атап айтқанда: пауэрлифтинг, үстел теннисі, арқан тарту, гір көтеру бойынша аудандық спартакиада өткізді.

Спорттық іс-шараға Астана қаласы «Нұр Отан» ХДП Алматы ауданының бастапқы партияның ұйымдары, Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының, БМСК медициналық ұйымдардың, Травматология және ортопедия ғылыми зерттеу институтының қызметкерлері, жоғарғы және орта оқу орындарының студенттері қатысты.

Аталған іс-шараның мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау, халыққа дене және спорт белсенділігін дарыту болып табылады.

Фотогалерея

 

Біздің сауалнама

Сіз салауатты өмір салтын ұстанасыз бa?
 

Серіктестер

Молодежный центр здоровья города Астаны
Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы