1-2 маусымда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында және Астана күніне орай қаланың медициналық ұйымдарынан (Қалалық медициналық жедел жәрдем станциясы, №2 қалалық балалар ауруханасы, қалалық онкологиялық диспансер) құрылған командалар мен медициналық холдингтерден (Республикалық диагностикалық орталық, Республикалық балаларды оңалту орталығы, ТОҒЗИ, Ана мен баланы қорғау ғылыми ұлттық орталығы, Республикалық ғылыми нейрохирургия орталығы, Республикалық жедел медициналық жәрдем ғылыми орталығы) құрылған командалар арасында спорттың алты түрі бойынша (шахмат, үстел теннисі, стритболл, шағын футбол, гір көтеру) қалалық спартакиада өтті.
Командалар арасында 1-ші орынды Республикалық балаларды оңалту орталығы, 2-ші орынды ТОҒЗИ, 3-ші орынды Республикалық ғылыми нейрохирургия орталығы алды. Спартакиада қорытындысы бойынша спорттың кейбір түрлері бойынша жеңімпаз командаларға кубоктар, медальдар және мақтау қағаздары берілді.
Спартакиаданың мақсаты: бұқаралық спортты насихаттау әрі дамыту, сондай-ақ медициналық ұйымдарда спорттық және сауықтыру жұмыстарын жетілдіру.
| № | Командалар | Шахматы | Теннис | Гір көтеру | Стритбол (Әйелдер) | Стритбол (Ерлер) | Шағын-футбол | Қорытынды | Иеленген орындар |
| 1 | РБОО | 4 | 4 | 6 | 5 | 6 | 5 | 30 | I |
| 2 | ТОҒЗИ | 3 | 7 | 8 | 1 | 7 | 2 | 28 | II |
| 3 | РҒНХО | 6 | 9 | 5 | 2 | 2,5 | 2 | 26,5 | III |
| 4 | РЖМҒО | 2 | 6 | 3 | 3 | 5 | 7 | 26 | IV |
| 5 | РДО | 0 | 3 | 0 | 0 | 9 | 5 | 17 | V |
| 6 | АБҚҒҰО | 1 | 1 | 1 | 0 | 2,5 | 2 | 7,5 | VI |
