Шахмат бойынша турнир өтті

Бүгін біздің қаламызда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл толуы мен Медициналық қызметкерлер күніне арналған, әртүрлі спорт түрлері бойынша медициналық қызметкерлер арасынан спартакиада басталды.

Жарыстың бірінші күнін шахмат бойынша турнир ашты, ол «Бексұлтан» шахматтық клубында өтті. Аталған интеллектуалды ойынға Астана қаласының медициналық ұйымдарының қызметкерлері қатысты.

Ойын қорытындысы бойынша бірінші орынды директор М.Қ. Құрманов бастаған Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы иеленді, екінші орынды №2 қалалық балалар ауруханасы және үшінші орынды №1 қалалық аурухана алды. Жеңімпаздарға кубоктар, медальдар және грамоталар берілді.

Спорттық жарыстар 9 және 10 маусымдарда өз жалғасын табады.

Фотогалерея

 

Біздің сауалнама

Сіз салауатты өмір салтын ұстанасыз бa?
 

Серіктестер

Молодежный центр здоровья города Астаны
Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы