Спартакиада жалғасуда...

Бүгін Қ.Мұнайтпасов атындағы стадионда медициналық қызметкерлер арасында өтіп жатқан спартакиаданың екінші күні өтті, ол келесі ойын түрлері бойынша болды: гір көтеру, ерлер мен әйелдер арасында командалық эстафета, сонымен қатар арқан тарту.

32 кг. гірді көтеруде келесі қатысушылар ерекшеленді: бірінші орынды №1 қалалық аурухананың қызметкері Ринат Оспанов (72 рет), екінші орынды №1 перзентхана үйінің қызметкері Иззат Исқақов (51 рет), үшінші орынды Жедел медицианлық көмек көрсету станциясының қызметкері Доссерік Тасымов (50 рет) иеленді.

Ерлер арасында өткен эстафетада келесі командалар жеңімпаз атанды: бірінші орынды Жедел медицианлық көмек көрсету станциясы, екінші орынды Стоматология орталығы, үшінші орынды Онкология орталығы алды. Әйелдер арасында, бірінші орынды №2 қалалық ауруханасы, екінші орынды №2 қалалық балалар ауруханасы және үшінші орынды Стоматология орталығы жеңді.

Осы күні №9 балалар мектебінде үстел теннисі бойынша жарыс өтті, оған да медициналық қызметкерлер қатысты. №2 қалалық балалар ауруханасы бірінші орынды, Жедел медицианлық көмек көрсету станциясы екінші орынды және №1 қалалық балалар ауруханасы иеленді.

Жеңімпаздарға медальдар, кубоктар, грамоталар берілді.

Фотогалерея

 

Біздің сауалнама

Сіз салауатты өмір салтын ұстанасыз бa?
 

Серіктестер

Молодежный центр здоровья города Астаны
Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы