Астана қаласының медициналық қызметкерлері арасындағы спартакиада

Медициналық қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихатату

11 желтоқсан Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің спорт кешенінде медициналық қызметкерлер арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл тодуына орай «Тәуелсіздіктің Жиырма Шыңы» - 20 жұлдызды күн шеңберінде Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының кубогына арналған спартакиада өтті.

Жарыс ерлер арасында шағын футбол, қыздар арасында волейбол және арқан тарту бойынша өтті.

 

Аудандық спартакиада

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы Іс-шаралар жоспарының «Денсаулыққа 20 қадам» атты 12 тармағын жүзеге асыру мақсатында, 2011 жылдың 23 қарашасынан 12 желтоқсан аралығында өтіп жатқан Ұлттық денсаулық күні шеңберінде, «Нұр Отан» ХДП Алматы аудандық филиалы ҚР ДСМ «Травматология және ортопедия ғылыми зерттеу институты» РҚК бірге 2011 жылдың 3 желтоқсанында «Қазақстан» спорт сарайында төрт спорт түрі, атап айтқанда: пауэрлифтинг, үстел теннисі, арқан тарту, гір көтеру бойынша аудандық спартакиада өткізді.

 

Туберкулезге қарсы диспансердің қызметкерлері арасында өткен спартакиада

Республикалық «Денсаулық фестивалі - 2011» акция шеңберінде 2011 жылдың 9 қыркүйегінде Туберкулезге қарсы диспансердің қызметкерлері арасында «Спортық өмір салты – барлық ауруларды алдын алады!» ұранымен спартакиада өтті. Спорттық іс-шараға 150 адам қатысты. Жарыс келесі спорт түрлері бойынша өтті:

  1. жас топтары бойынша жеңіл атлеттік жүгіру;
  2. командалық жарыстар (эстафета, құрсау, секіргіш және доп қолданып);
  3. дартц бойынша бөлімшелер арасындағы жарыс;
  4. шашки мен шахмат бойынша жарыстар.

Фотогалерея

 

Спортпен шұғылдану – игі іс!

1-2 маусымда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында және Астана күніне орай қаланың медициналық ұйымдарынан (Қалалық медициналық жедел жәрдем станциясы, №2 қалалық балалар ауруханасы, қалалық онкологиялық диспансер) құрылған командалар мен медициналық холдингтерден (Республикалық диагностикалық орталық, Республикалық балаларды оңалту орталығы, ТОҒЗИ, Ана мен баланы қорғау ғылыми ұлттық орталығы, Республикалық ғылыми нейрохирургия орталығы, Республикалық жедел медициналық жәрдем ғылыми орталығы) құрылған командалар арасында спорттың алты түрі бойынша (шахмат, үстел теннисі, стритболл, шағын футбол, гір көтеру) қалалық спартакиада өтті.

 

Астана қаласының медициналық қызметкерлері арасында өткен спартакиада-2011 қорытындылары

2011 жылдың 10 маусым – Астана қаласы медициналық қызметкер арасында өткен спартакиаданың қорытындылаушы күні болды. №28 орта мектептің шағын футбол алаңында футболдан жарыс ұйымдастырылды. Нәтижесінде бірінші орынды Онкологиялық диспансер командасы, екінші орынды №1 қалалық ауруханасы, үшінші орынды №2 қалалық балалар ауруханасы елшіленді. Барлық жеңімпаздарға СӨСҚО мен медициналық қызметкерлер кәсіподағынан медальдар, кубоктар, грамоталар, футболға арналған доптар мен футболкалар берілді.

 

Спартакиада жалғасуда...

Бүгін Қ.Мұнайтпасов атындағы стадионда медициналық қызметкерлер арасында өтіп жатқан спартакиаданың екінші күні өтті, ол келесі ойын түрлері бойынша болды: гір көтеру, ерлер мен әйелдер арасында командалық эстафета, сонымен қатар арқан тарту.

32 кг. гірді көтеруде келесі қатысушылар ерекшеленді: бірінші орынды №1 қалалық аурухананың қызметкері Ринат Оспанов (72 рет), екінші орынды №1 перзентхана үйінің қызметкері Иззат Исқақов (51 рет), үшінші орынды Жедел медицианлық көмек көрсету станциясының қызметкері Доссерік Тасымов (50 рет) иеленді.

 

Шахмат бойынша турнир өтті

Бүгін біздің қаламызда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл толуы мен Медициналық қызметкерлер күніне арналған, әртүрлі спорт түрлері бойынша медициналық қызметкерлер арасынан спартакиада басталды.

Жарыстың бірінші күнін шахмат бойынша турнир ашты, ол «Бексұлтан» шахматтық клубында өтті. Аталған интеллектуалды ойынға Астана қаласының медициналық ұйымдарының қызметкерлері қатысты.

 



Біздің сауалнама

Сіз салауатты өмір салтын ұстанасыз бa?
 

Серіктестер

Молодежный центр здоровья города Астаны
Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы