- Қауіптілктің ортақ белгілерін анықтау (бала емшек еме алама немесе сұйықтық ішуге мүмкіндігі барма, кез келген тағамнан немесе сусыннан кейін құсу бар ма, балада қалшылдаған қалып болды ма);
- Отбасы мен қоғамның деңгейінде балалардың денсаулығы мен өсуін жақсарту үшін оларды күтудің тәжірибесін жақсарту;
- АМСК сатысында ауруханаға жатқызуға дейінгі емдеуге баға беруді жүргізу және көрсеткіші бар кезінде стационарға аса ауыр ауырып жатқан балаларды жіберу;
- Дені сау және ауру балаларды күту мәселелері бойынша, сонымен қоса қауіпті белгілерді анықтауда емдеуді жүргізу, оларды анықтағанда міндетті түрде дәрігер көмегіне қайтып келу керектігін, сондай-ақ қайтадан тексерілуге келетін күнді анықтау жөнінде кеңес беру;
- Қабылдау бөлімшесінде ауруды жедел іріктеу, диагностикалау және емдеу сатыларына үйрену;
- Стационарға келіп түскен кезде жедел белгілерге диагноз қою;
- Балалардың алғашқы статусына тексерісті үнемі жүргізу және АМСК медициналық ұйымдарында иммунитеттеу жағдайын бағалау;
- Екі жастан кіші балалардың, ерте жастағы балалардың тамақтану мәселелері бойынша лайықты ұсыныстарды баланы күтіп жүрген аналарға/туысқандарға ұсынумен жасы үшін өте төмен дене салмақты балалардың тамақтануына баға беру;
- Тек қана баланы табиғи жолмен емізуді және бала емізуді насихаттау;
- Оқудан кейінгі көрініс: АМСК қызметкерлерінде БЖАИЖ дағдыларын бекіту;
- Ұлттық жаттықтырушылары дайындаған көшпелі оқу айналымдарын жүргізу.
БЖАИЖ мақсаттары:
1) нәрестелік және балалар өлімінің көрсеткішін төмендету;
2) 5 жасқа дейінгі балалардың ауруға шалдығулары мен мүгедектілігін төмендету.
БЖАИЖ міндеттері:
1) медициналық ұйымдардың, ең бастысы АМСК қызметкерлерін БЖАИЖ бағдарламасына үйретуге;
2) 5 жасқа дейінгі балаларды өмірге үйретуге халықты және қауіпті белгілерге ата-аналарды үйрету;
3) АМСК медициналық қызметкерлерінде БЖАИЖ дағдыларын бекіту және медициналық қызметкерлерінің базалық бағдарламаларын дайындауда БЖАИЖ енгізуге;
4) мониторинг жүргізу – басқармалы себептерден сәбилердің өлімін төмендету үшін барлық мүмкіндіктерді қолдануға мүмкіндік береді.
БЖАИЖ басты мақсаты аурудың қауіпті белгілеріне баға беруді білу мәселелері туралы, қандай жағдайларда бірден медициналық қызметкердің көмегіне жүгіну қажеттілігі жөнінде, баланы дұрыс тамақтандыру мен оны дұрыс күту туралы ақпараттарды ата-аналарға жеткізу болып табылады.
Медициналық қызметкерлер анықталған әдіс бойынша аналарға кеңес берулері тиіс, әрбір анаға «ананың жадынамасы» атты буклеттер беріледі, онда кеңес беру кезіндегі қағидалар суреттеліп жазылады.
