Бала жасындағы ауруларды интеграциялап жүргiзу стратегиясы (БЖАИЖ)

Ерте жастағы балалардың ауруы мен өлімін төмендету және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2008 жылғы 19 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасында бала жасындағы ауруларды интеграциялап жүргiзу және ерте жастағы балаларды дамыту әдісін енгізу туралы» № 656 бұйрығын орындау мақсатында, Астана қаласының медициналық ұйымдарында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры ұсынған бала жасындағы ауруларды интеграциялап жүргiзу (БЖАИЖ) және ерте жастағы балаларды дамыту әдісі енгізілген.

Әлемде жыл сайын 5 жасқа толмай жатып 10 миллионнан астам бала көз жұмады. Бала өлімі себебінің ең үлкен үлесін басқармалы уәждер: тыныс жолдарының жіті вирусты инфекциялары, негізінен пневмония, диарея, тамақтанудың бұзылуы алады.

Бала жасындағы ауруларды интеграциялап жүргiзу стратегиясы (БЖАИЖ) – бұл баланың денсаулығын жақсартуға, 0-ден 5 жасқа дейінгі балаларға медициналық көмек көрсету сапасын жоғарылатуға, бала өлімін, ауруы мен мүгедектіліктің ауырлығын және жиелілігін төмендетуге, балалардың дамуы мен өсуін жақсартуға бағытталған негізгі стратегия.

Аталған стратегия клиникалық және ауруханаға жатқызудың үлгілі нақты хаттамаларын жүргізу, дәрі-дәрмектермен жабдықтау және оны үйлесімді пайдалану, медициналық қызметшілер құрамының кәсіби біліктерін арттыру және уақытын үнемдеу, балаларға күтім жасайтын тұлғалармен қарым-қатынас жасауға және оларға кеңес беруге назарды шоғырландыру арқылы медициналық қызмет көрсетудің тиімділігін жоғарылатады. Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының 2010 жылғы 18 қарашадағы «Бала жасындағы ауруларды интеграциялап жүргiзу бағдарламаларын енгізу туралы» №930-ө бұйрығына сәйкес 2010 жылдың 1 желтоқсанынан бастап «Оқу-клиникалық орталығы» ЖШС базасында БЖАИЖ орталығы құрылды, БЖАИЖ бағдарламасы бойынша жергілікті үйлестіруші А.М. Таупеева тағайындалды.

Орталыққа бөлек жай бөлінді, оның аумағы 75 кв.м. Ол БЖАИЖ Орталықтарына қойылған талаптар негізінде жабдықталған және қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы базасында оқу бөлмесі бөлінген. Сонымен қатар АМСК ұйымдарында тәжірибелік сабақтар жүргізу үшін жағдайлар жасалған.

Мекен-жайы: Астана қ., Есіл ауданы, Т.Рысқұлов көшесі 8 үй, 4 қабат, «Б» блогы

Телефон/факс: 8 (7172) 47-44-47.

Еmail: Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосулы болуы керек

 

Біздің сауалнама

Сіз салауатты өмір салтын ұстанасыз бa?
 

Серіктестер

Молодежный центр здоровья города Астаны
Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы