Қызметінің бағыттары

Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы «Қазақстан-2030» стратегиясы, №4 «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты» ұзақ мерзімді басымдығын жүзеге асыру мақсатында құрылды.

Негізгі міндеті: салауатты өмір салтын насихаттау ұлттық саясатын жүзеге асыру

Мақсаты мен міндеттері: салауатты өмір салты культін қалыптастыру, халықты толық ақпараттандыру, өмір сүру ортасы мен тұрмыс-тіршілігін сауықтырудың түрлі жобалары мен механизмдерін енгізу арқылы жеке адам мен қоғамның өз денсаулығына деген жаңа көзқарасын қалыптастыру.

Қызметінің негізгі бағыттары:

  • салауатты өмір салтын қалыптастыру, аурулардың, қауіп-қатер факторларының алдын алу бағдарламаларын әзірлеу және енгізу бойынша ұйымдастыру-әдістемелік жетекшілік көрсету;
  • салауатты өмір салты бағдарламаларын жүзеге асыруда барлық бағынысты ұйымдармен, жергілікті атқарушы органдармен сектораралық ынтымақтастық құру;
  • халықтың әртүрлі топтарын сауықтыру бойынша жаңа технологиялар әзірлеу және енгізу;
  • салауатты өмір салты принциптерін қалыптастыру және енгізу, әлеуметтік мәні бар аурулардың, қауіп-қатер факторларының алдын алу және зиянды әдеттермен күресу, дене тәрбиесі мен спортпен айналысу бойынша халықтың әртүрлі топтарымен жұмыс жүргізу;
  • салауатты өмір салтын насихаттау бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жүргізу.

СӨСҚ қызметінің желісі мен құрылымы

Астана қаласының Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы әкімшілік бөлім мен құрылымдық бөлімшелерден тұрады: профилактикалық бағдарламалар бөлімі, ұйымдастыру-әдістемелік бөлім, редакциялау бөлімі, байланыс және салауатты өмір салтын насихаттау бөлімі, жастар денсаулық орталығы және спорт бөлімі.

АМСЖ нысандары (қалалық емханалар) мен қаладағы барлық  медицина ұйымдарында СӨС ұйымдастырушысы (барлық 35 ұйым) лауазымы енгізілді. 6 Денсаулық нығайту ұйымы қызмет атқарады: АМСЖ ұйымдарында – 4, білім ұйымдарында – 1, қала кәсіпоырндарында – 1. Жасөспірімдерге медициналық-әлеуметтік жәрдем көрсететін Жастар денсаулық орталықтары № 3, 4, 5, 7 қалалқы емханаларда жұмыс істейді.

Ведомствоаралық жұмыс

Ведомствоаралық жұмысты күшейту мақсатында сектораралық деңгейде әкімдіктің жанынан Халық денсаулығын қорғау жөніндегі үйлестіру кеңесі құрылды және қызмет атқарады.

Халық денсаулығын қорғау жөніндегі үйлестіру кеңесі жергілікті атқарушы биліктің өңірлердегі ең басты ресурстарының бірі болып табылады, себебі оның құрамына қалалық ведомстволардың бірінші басшылары, қалалық мәслихаттың басшылары мен депутаттары, бизнес-құрылымдардың өкілдері, ҮЕҰ кіреді.

Республикада салауатты өмір салтын қалыптастыру саясаты 2008-2016 жылдарға арналған «Салауатты өмір салты» республикалық бағдарламасымен  бекітілген. Бағдарламаның мақсаты: жеке адам мен жалпы қоғамның салауатты өмір салты культін қалыптастыру арқылы халық денсаулығын жақсарту және оның өмір сүру ортасын жақсарту.

Астана қаласында Бағдарлама атқарушы органдар бекіткен 2009-2011 жылдарға арналған «Салауатты өмір салты» іс-шаралар жоспарына сәйкес сектораралық деңгейде іске асырылады.

Бағдарламаны жүзеге асырудың құрамдас бөлігі халыққа салауатты өмір салтына қатысты білім мен дағдыларды қалыптастыруға бейімделген санитариялық-гигиеналық білім беру, жұртшылық пен бұқара халықтың назарын денсаулық сақтау мәселелеріне аудару және денсаулық нығайту бойынша маңызды мәселелерді қарастыру және жариялау үшін кең ауқымды акцияларды өткізу, кері ықпалды болдырмау болып табылады.

Жұмыс әдістері түрлі формада қолданылады – дөңгелек үстел, баспасөз конференциясын, семинар, жылжымалы көрме және т.б. өткізу. Бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жеке жасалған медиа-жоспар бойынша жүргізіледі.

Денсаулық қалыптастыру, сақтау және нығайту туралы халықтың ақпараттану деңгейін арттыру мақсатында 2 бөлімге бөлінетін профилактикалық бағдарламалар енгізіледі: қауіп-қатер факторларының алдын алу және әлеуметтік аурулардың алдын алу.

 

Біздің сауалнама

Сіз салауатты өмір салтын ұстанасыз бa?
 

Серіктестер

Молодежный центр здоровья города Астаны
Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы