Сұрақ - жауап
Тақырыбы:
Аты:
E-mail:
Хабар мәтіні:
Тексеру үшін: Контрольное изображениеОбновить изображение
   
 

Асыл: минустрация

салематсыздар ма?мен жасым 16да,меним етеккирим туракты келмиды,отинем комектесиниздерши,2-3аи туракты келеди де содан сон 2аидаи келми калады,гинекологка барып коргем,ол маткан дамып келеди бари жаксы деди,сосын дари берди,мен оны кабылдагам жок,себеби ол дари улкен апаларга арналган дари,олаи аитатын себебим свечи деген дари,кате аитпасам,казир аилыгым келип жаткан сиякты,тусине алмаи журмин,себеби выделение сиякты дым канга уксамаиды исиде жаман,аилык оилап турган себебим О караганда туси коныр но келгенде суйык ,аитеуир бурынгы келип журген аилыгым сиякты дым кан жок жок,жыныстык катынаста болып коргем,маган не болган отинем  жауап жазыныздаршы

Сәлеметсіз бе!

Біріншіден, гинеколог дәрігері өте дұрыс айтты, 16 жаста жыныстық және гормоналды жүйе дамып қалыптасуда. Сіздің дәрігердің айтқанын, берген кеңестерін орындамағыныңыз үлкен қателік және барлық сұрақтар мен күмәнді ойларды дәрігер қабылдауында шешу керек. Дәрігер Сізге барлығын түсіндіріп, Сіздің жасыңызға қандай дәрі-дәрмектер лайықты екендігін түсіндіріп беруші еді. Тіпті, аталған дәрі Сізге лайықты болмай шыққанда, басқасын тағайындаушы еді. Дәрігердің айтқанын орындау керек.

Екіншіден, Сіз жазған белгілер бойынша, бұл жерде асқыну сипатты процесстер жүріп жатыр деуге болады. Егер иіс болса, оның қай кезде шығатының анықтау қажет, жыныстық қатынасқа дейін бе, әлде кейін бе. Ол диагнозды нақты қою үшін қажет. Анамнездің толық жинағы қажет (өмірбаян, ауру тарихы және т.б.).

Үшіншіден, жыныстық қатынастар етеккір сипатына және оның айналымына еш әсер етпейді. Егер Сізді соңғы кезде көптеп шығатын, жағымсыз иісті бөлінділер алаңдатып жүрсе, онда Сізге гинеколог дәрігеріне қаралу керек, ол инфекцияның бар жоғын білу үшін де қажет.

17.01.2012

Жаннат: Бөпе сүйгім келеді

Маган да кашан жауап береді екенсіздер?Күйеуімді де өзім де жауаптарынызбен куантқым келеді...Embarassed

Жаннат, сәлеметсіз бе!

Сіздің балалы болу ниетіңіз өте дұрыс. Өкінішке орай, Сіз бала көтеруге кедергі болып жүрген нақты проблеманы жазбадыңыз.

13.01.2012

мая: жүктілік кезіндегі варикоз

Салеметсіздер менін аягым ауыр алсін алсін аягымнын тамырлары катты шыгып кетеді оган не ем колдануыма болады?Жуктілігіме 6 ай уакыт болды.

Қайырлы күн, Мая!

Тамырдың варикозды созылуы (варикоз) – бұл тамыр қабырғасының және қақпақшасының патологиялық өзгеруі нәтижесінде пайда болатын тұрақты созылуы. Көп жағдайда тамырдың үстіртін созылуы аяқта болады, себебі тұрғанда және жүргенде оған үлкен әрі ауыр қысым түседі. Тамырдың варикозды созылуы – жүктілік кезінде пайда болуы немесе өркендеуі мүмкін ауырыдың түрі. Осы үшін әйелдер ер адамдармен салыстырғанда 4 есе артық аурады.

Жүктілік кезінде тамырдың варикозды созылуының пайда болуына келесі себептер ықпал етеді:

  • аяқ тамырларының қан айналымының нашарлауы. Бұл өсіп келе жатқан жатырдың төменгі үлкен тамырды – тұлғаның төменгі жағынан және аяқтан келетін қанды жинайтын іш қуысының үлкен тамырын қысады;
  • жүктілік кезінде қан тұтқыр келеді, ақырын ағады, яғни осыларда варикоздың пайда болуына әсер етеді;
  • жүктілік кезінде дене салмағының артуы аяққа артық ауыртпалық түсіреді.

Тамырдың варикозды созылуының дамуына биік өкшелі аяқ киім кигеннен, аяқта тік тұрып ұзақ жұмыс істегеннен, ауыр көтергеннен және артық дене салмағынан пайда болады.

Алдын алу шаралары

Жүктілік кезінде арнайы варикозға қарсы шұлықдамбал киген дұрыс. Олар арнайы жүкті әйелге арналған болуы тиіс, олар ішті қыспай оны көтеріп тұруы тиіс.
20 аптадан кейін бандаж киу керек. Ол жатырды ұстап тұрады және іш қуысындағы үлкен тамырға түсетін қысымды азайтады, осының арқасында тұлғаның төменгі жағындағы қан айналым жақсарады.

Жүкті әйелдерге арналған гимнасикаға бару кеңес етіледі немесе өздігіңізден үйде дәрігер кеңес еткен жаттығуларды жасаңыз. Әсіресе варикозды алдын алуда бассейіндегі жаттығулар көмектеседі. Спортпен айналысу тамыр қабырғасын бекітеді және қан айналымды жақсартады. Сонымен қоса, гимнастика артық дене салмағын жинамауға ықпал етеді.

Аяқ бұлшық еттеріне контрастты душ жасаған пайдалы.

Егер Сіз тмырдың варикозды созылуына бейімділігіңіз барын білсеңіз сауна мен моншадан алыс болған дұрыс.

Аяғыңызды жоғары қою қалпында жиі ұстаңыз, аяқты аққа қою қалпында ұзақ отырмаңыз.

Ыңғайлы, өкшесі төмен аяқ киім киіңіз!

13.01.2012

Жаннат: етеккірім кешігіп жатыр

Сәлеметсіздер ме менін турмыс құрғаныма сегіз айдан асып барады,жолдасым екуміз бопеміз болғанын катты калаймыз.Сұрайын дегенім сонғы рет еттекірім карашанын 25 не келді содан бері ешкендай белгі жок тест алып корген едім жүктілік белгісі байкалмады.Ал жолдасы болса мені жукті болды деп катты үміттеніп жүр, оган тест нәтижесін айткым келмейді.Калай кыламын...?

Жаннат, сәлеметсіз бе!
Сізге көп ойланып уайымдаудың қажеті жоқ, акушер-гинеколог дәрігердің қабылдауына барыңыз.

13.01.2012

Анти: Жыныстық мүше

Менім жасым 18да, Неге екенін білмеймін жыныстық мушем өспеген.Оз жасыма лайықты емес. Дурыс жетілу үшін қандай жолдар бар? Көмек сүраймын.

Қайырлы күн!

Өкінішке орай бізде Сіздің сұрағыңызға толық жауап беретін маман жоқ.

Сізге андролог, уролог және эндокринолог сияқты дәрігер мамандардың кеңесіне жүгіну қажет.

Тек қана толығымен қаралғаннан кейін және диагностикадан өткен соң Сізге тиісті әрі лайықты емдеу әдісі мен тәсілін таңдайды.

04.01.2012

Салтанат: қан кету

Салеметсіз бе? Жасым 23те. Тұрмыс құрғаныма 2ай болды. Соңғы 4 күн болды күйеуіммен қосылғанда астымнан қан кетеді. Күндіз ештеңе байқалмайды, еш жерім ауырмайды. УЗИға түссем минустрация дейді. Ол минустрация болса күндізде келмей ма? Неге қан кететініне жауап берсеніздер? Тезірек. Рахмет!

Салтанат, сәлеметсіз бе!

Сіз атаған белгілер бар жағдайда гинеколог дәрігерінің қабылдауына бару қажет. Біріншіден, жыныстық органдарда асқынған және инфекцияланған ауру фактілерінің бар болуына қаралу қажет; екіншіден, егер жыныстық қатынас барысында қан кету байқалса, онда Сізге цитологиялық тестен өткен дұрыс, яғни сүртіндіні онкоцитологиға өткізу; үшіншіден, қосымша қаралудан өту – жатыр мойнының кольпоскопиясы, құрсақ қуысының және кіші жанбас органдарының және т.б. УЗИ. Яғни өз сұрағыңызға нақты әрі толық жауапты барлық қаралулардан өткен соң аласыз.

30.12.2011

Айгерим: Мен жыныстық қарым қатынасқа қатты қызағамын не істесем болады жасы 16 да

Мен жыныстық қарым қатынасқа қатты қызағамын не істесем болады жасы 16 да

Айгерім, сәлеметсіз бе!
Жыныстық жетілу кезінде қыздардың ұлдарға, ал ұлдардың қыздарға деген қызығушылығы артады. Қазіргі кезде жасөспірімдер жыныстық қатынасқа ерте түседі, ол қыздар үшін орны толмайтын, тіпті жадыларында өмір бойы ауыр жүк болып қалатын қатігез салдарға алып келуі мүмкін. Ерте жыныстық қатынасқа қалайша «жоқ» деп айтуға болады:

  • осындай жауапкершілігі мол қадам жасауға мен дайын емеспін;
  • отбасымдағы тәрбие бұндай іске жібермейді;
  • жүкті болып қалудан қорқу;
  • жыныстық жолдар арқылы берілетін инфекцияны жұқтырып алудан қорқу;
  • досына деген махаббатты білдіретін басқада жолдар бар;
  • барлығы сияқты болуды қаламау;
  • іс біткеннен соң өкіну;
  • бұндай қадам үшін әлі жаспын...

Жыныстық қатынастардың нәтижелері тікелей қыздың иығына жатады, сондықтан ол жүкті болып қалуы мүмкіндігіне есеп беруі тиіс. Себебі жыныстық жетілу кезінде жасөспірім қыздың барлық мүшелерінің физиологиялық жүйесіне айтарлықтай функционалдық жүк түседі, табиғаттың өзі ересек өмірге ерте енуден ұстамды болу қажеттілігін міндеттейді, соның ішіде қауіпсіз сексуалды мінез-құлық және ерте жыныстық қатынасқа жол бермеу.
Осылайша, секстің жай жыныстық қатынастан маңыздылығы мен мағынасы зор екендігін түсінген жөн. Ал жасөспірім кезінде жыныстық қатынастардан ұстамды болу денсаулыққа еш әсер етпейді және секстрансмиссив ті және АҚТҚ инфекцияларынан қорғайтын ең жақсы тәсіл болып табылады.
zozh.kz сайтында мақалалар бөлімінде «Жыныстық өмірді қай уақытта бастаған дұрыс? атты мақаланы қара.

16.12.2011

Айым: қыздық перде

салеметсизбе қызылорда каласында қыздық перде салатын клиника барма мекен жайын телефон номерин жазасыздарма алдын ала рахмет

Айым, сәлеметсіз бе!

Қызылорда облысы мен Қызылорда қаласының Денсаулық сақтау басқармасы Ана мен бала денсаулығын қорғау мәселесі бойынша  басқарма бастығының орынбасары Л.М. Күлтаеваның ақпараттық мәліметтері бойынша – Қызылорда қаласында қызыдық пердені қайта қалпына келтіру бойынша пластикалық операциялар жасалмайды.

07.12.2011

мереке: ренжулі

неге менін сүрағыма жауап жоқ ааааааааааааааааааааааааа мереке

Мереке, қайырлы күн!

Сұрағыңызға бірден жауап бермегеніміз үшін кешірім сұраймыз. Оның себебі гинеколог дәрігердің жеке бас салдарынан, жұмыста болмауы.

04.12.2011

мереке: етеккір

мен жакында тұрмыска шықтым сол куні етеккірім келіді.кеткен сон 10күннен сон кайта келгені бұнын себебі не. кыз күнімде етеккірім қалыпты келетін алде қосылғаннан сон етеккір цыклі бұзылады ма

Қайырлы күн, Мереке!

Бірден жауап бермегеніміз үшін кешірім сұраймыз!

Қазіргі медицина бойынша дені сау әйел үшін еттекір кезінде жыныстық қатынасқа түсу қауіпті болып табылмайды, бұл ретте жыныстық қатынасқа түскен жұп гигиенаның тиісті ережелерін сақтаулары тиіс. Дегенмен, қан аясы микробтардың таралуы үшін ең қолайлы болып табылатындығын есте ұстаңыз. Әйелдің жыныстық органдарындағы немесе оған сырттан түсетін   микробтар еттеккір кезінде өздеріне өте қолайлы ортаны тауып алады және тез таралады, осыған байланысты айрықша маңызға ие ауруды тудыратын микробтарға жалпы және де локальды қарсы тұру қабілеті төмендейді. Сонымен қатар, еттеккір кезінде жатырдан эндометрия жасушалары – жатырдың шырышты қабыршығы шығады. Егер аталған жасушалар өз орындарында жатпаса, ауыратын, қан ағатын, бедеулікпен қатар жүретін эндометриоз - өте ауыр ауру түрі дамуы мүмкін. Дегенмен, эндометриоз жыныстық қатнассыз дамуы да мүмкін.

Ал, екінші жақтан, кейбір әйелдер еттеккірді ауыр өткіреді және осы күндері жыныстық қатынасқа түсу, ауруды, тітіркенуді жеңілдетуі, қан ағуды төмендетуі және т.б.  мүмкін.

Бірақ, кейбір жағдайларда жыныстық органдар қозған кезде қанға толу ұлғаюы мүмкін және осыдан етеккір кезеңі ұзарады.

Етеккір кезінде жыныстық қатынаста қан кету өте көп болуы мүмкін, тіпті алдында ғана аяқталған етеккір қайта басталуы мүмкін.

30.11.2011

Жанар: қыздық

Сәлеметсіздерме? Мен өзімнің қыз немесе қыз емес екенімді қалай білсем болады? Өз-өзіме сенімді бола алмай жүрмін?

Жанар, сәлеметсіз бе.

Бұл сұрақтың жауабын білу үшін әйелдің жыныстық органдары мен қыздық перде туралы мәліметті білуіңіз қажет, дегенмен медициналық білімі жоқ адамдарға оны түсіну қиындық туғызуы мүмкін.

Егер Сіз өзіңізге сенімсіз болсаңыз, участкілік дәрігер  гинекологқа жүгінуіңізді кеңес етеміз.

27.11.2011

Еркебулан: Қант диабеті

пікір талас турінде өтеді сол жерге қант диабеті туралы керек кім толық мағұлмат береді????

Қайырлы күн, Еркебұлан!

Сіз пікір таласта қант диабетін алдын алу бойынша толық ақпарат алу үшін, Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс эндокринологы Гүлнар Шахмиқызы Темірғалиеваны шақыра аласыз. Бірақ Сіз онымен алдын ала келісіп алуыңыз тиіс, ұялы тел.: 8-701-459-08-36, жұмыс тел.: 70-15-50.

14.11.2011

Айгерім: Көз аурулары

Көз операциясынан кейін көзді жылы сумен жууға болады ма?

Құрметті, Айгерім!

Бұл сұрақты Сіз өзіңіз қаралып жүрген және Сізге операция жасаған дәрігерге қойсаңыз дұрыс болар еді. Әдетте емделушіге операциядан кейінгі мерзімде өзін күту бойынша кеңестер беріледі. Көз гигиенасын үнемі сақтану қажет, ал көзді нақты немен жуу туралы сұрақ – окулист дәрігеріне қойылуы тиіс.

29.10.2011

Баха: Бедеулік

Салеметсізбе!Менін білейін дегенім ,боровая матка емдік шөбі бедеулікті емдейді дейді,осы қаншалықты шындыққа жақын?

Баха, сәлеметсіз бе!

Бедеулік – бұл өте күрделі ауру, бұл аурудан еркектер де, әйелдер де зардап шегуі мүмкін, ол жас және кәрі шақта орын алады және алғашқы рет немесе қайталама болуы мүмкін.

Бедеуліктің пайда болу себептері өте көп. Демек, бедеулікті емдеу де әр түрлі, кешенді және көп жағдайда ұзақ уақытты қажет етеді.

«Боровая матка» шөбі - бұл фито дәрі. Қазіргі кезде халықтық медицина әдістерімен емдеу жақсы қолданылып келеді, бірақ үнемі тиімді бола бермейді. Бедеулікті емдеу – бұл ұзақ процесс, оған жұбайлардың екеуі де қатысуы мүмкін. Ол әр түрлі әдістермен, емдеу тәсілдерімен және басқа дәрілермен кешенді емделуі мүмкін.

13.10.2011

Салтанат: қыздық

Бойжеткен төсекте қосылмай тұрып өзінің пәк екенін қалай білуге болады?

Салтанат, сәлеметсіз бе!

Бұл сұрақтың жауабын білу үшін әйелдің жыныстық органдары мен қыздық перде туралы мәліметті білуіңіз қажет, дегенмен медициналық білімі жоқ адамдарға оны түсіну қиындық туғызады.

Егер Сіз өзіңізге сенімсіз болсаңыз, участкілік дәрігер – гинекологқа жүгінуіңізге болады.

28.09.2011

Пелу: Қыздық перде

Салеметсіз бе?Қазіргі таңда қыздық пердені қайта жасату үшін операциялар бар екен.Осы операция үшін қанша қаражат керек???Рахмет!!!

Пелу, сәлеметсіз бе!

Қазіргі уақытта қыздық пердені қалпына келтіру бойынша операциялар жасалады.

Аталған манипуляцияны қаланың кейбір Медициналық орталықтарында жасатуға болады және ол жасырын түрде жүргізіледі.

Бұл мәселе бойынша уайымдаудың қажеті жоқ, себебі физиологиялық тұрғыдан қыздық перде әйелдің жыныстық органдарының қызметіне (етеккір айналымына, жүктілікке және босануға) әсер етпейді.

Аталған манипуляцияны жасатудың бағалары Медициналық орталықтың белгілеп қойған бағаларына байланысты (әр орталықта әр түрлі).

Толық ақпаратты келесі телефондар арқылы алауға болады:

  • «Аягөз» МО ЖШС
    мекен-жайы: Астана қ., Абылайхан даң. 10/2 үй, тел.: 8(7172) 351326
  • «Le Bonne Sante» МО
    мекен-жайы: Астана қ., Потанин көш. 14 үй, тел.: 8(7172) 380303, 380022
  • «Денсаулық» гинекологиялық орталығы
    мекен-жайы: Астана қ., Пушкин көш. 121 үй,тел.: 8(7172) 391574

01.09.2011

айгуль: диабет

Салеметсіз бе? Менің анама қант диабетінен дәрі жазып берген, бірақ анам ас қорыту ауруымен де ауырады. ол дәрі сондай аурумен ауыратын адамдарға қарсы көрсетілген, және ол дәріні ішкен соң асқазаны қатты ауырды.басқа қандай дәрілер бар?

Құрметті Айгүл!

Негізі, СӨС қалыптастыру орталығы салауатты өмір салтын насихаттаумен және ауруларды алдын алумен айналысады. Бірақ, Сіздің сұрағыңызды назардан тыс қалдырмай, жауап беруге тырысамыз: орын алған жағдайда анаңыз қаралып жүрген эндокринологты бар ауруы (асқазан ауруы) туралы ақпараттандырған дұрыс, сол кезде ол негізгі аурудан – қант диабетінен емделу үрдісін өзгертеді.

22.08.2011

Мубаракова Алтынай: диабет

Қант диабетімен ауыратын адамдарға қандай да бір ас уй қарастырылған ба? диета сақтаудан бұрын ағзаға қажетті заттармен толықтыру үшін қантсыз тағамдар ұсынылама?

Қайырлы күн, Алтынай! Сіздің сұрағыңызға Ұлттық ғылыми медициналық орталықтын эндокринолог дәрігері Темірғалиева Гүлнар Шахмиқызы жауап берді:

1. Диабеттен азап кешетін адамдарға арналған асханалар жоқ.

2. Егер науқасқа қант диабеті диагнозы қойылса, еммен қатар қантсыз диета тағайындалады. Оны міндетті түрде сақтау қажет, себебі оған науқастың емделіп кетуі тікелей байланысты.

03.08.2011

Ерлан: Жемiс жидек

Кандай жемiс жидек баланын бойын осиреди? Жок алде ол баланын iрiм бутагына байланыстыма?

Сәлем, Ерлан!

Бала өскен сайын ағзасы күн сайын өсіп өзгереді. Тоқтаусыз, бірақ білінбей есейеді. Оның қандай болып өсетіні өте қызықты? Әрбала өзінше өсіп дамиды. Кейбір балалар ақырындап өсіп келе жатады да, бірден қарқынды түрде өздерінің қатарластарына жетіп алады және асып түседі де, ал кейбір балалар тіпті ойын алаңында-ақ барлығынан бір басқа биік болады.

Сонымен баланың бойы неге байланысты?

Бойға тек тектілік қана емес, сонымен қатар тамақтану, режим, дене белсенділігі, тіпті баланың психологиялық жағдайы да ықпал етеді.

Баланың тамақ үлесіндегі әр түрлі көкөністер, жемістер, жидектер, көкорайлар көп жағдайда дені сау баланың кепілі болып табылады. Тек осы аталған тағамдар ғана бірқатар пайдалы заттардың, әсіресе дәрумендер мен минералдардың көзі болып табылады, ал олар баланың өсуі мен дамуына өте қажет.

Тағам үлесінде жемістердің жетіспеушілігі гиповитаминоздың дамуына, ішек қызметінің бұзылуына, іш қатудың дамуына, инфекцияға және инфекциялық емес ауруларға қарсы тұру қызметінің төмендеуіне алып келеді.

Сондықтан, балалар үнемі қол жетімді алмаларды, алмұрттарды және маусымды жеміс-жидектерді: шабдалы, өрік, қара өрік, шиені, сондай-ақ бақта және орманда өсетін жидектерді піскен кезде және мұздатылған күйде, джем және балқайнатпа түрінде пайдаланулары қажет.

27.07.2011

Ерлан: Баланын тiлi

Саламатсыздарма!

Баланын тiлiн дамыту ушiн не стеуiме болады?

Сәлем, Ерлан!

Биыл барлық балалар емханаларында скринингтер – алдын ала қаралулар жүріп жатыр. Сіз тұрғылықты мекен-жайыңыз бойынша өздеріңіздің учаскелік педиатрларыңызға жүгінуіңізге болады, ол ағзадағы бұзушылықтарды анықтап, білікті маманға жібереді.

Егер бала кейбір әріптерді айта алмаса, баланың дұрыс сөйлеу қабілетін түзету үшін оны логопед маманына апаруыңызға болады. Логопедтер №7, №8, №2, №5, №4 балалар емханаларында қабылдау жүргізеді.

27.07.2011

улболсын: жүктілік

Сәлеметсіздерме?

мен куйеуге шыккалы 2 рет бала көтергем бірак 2айдан іште дамымай калады соның себебін айтып берсңіз.

Ұлбосын, сәлеметсіз бе!

Ұрықтың дамуын тоқтатуы, яғни жүктіліктің тоқтауы, бұл ұрықтың 28 аптаға дейінгі мерзімде өлуі. Бұл өте жағымсыз және кей кезде өте қауіпті құбылыстың себептері әр түрлі болуы мүмкін.

Жүктілікті жоспарлау кезінде алкогольді ішімдіктерді пайдаланудан (әсіресе көп мөлшерде) және темекіден бас тарқан жөн. Алкоголь мен темекі жүктіліктің тоқтап қалуына үнемі алып келмейді, бірақ оның ықпалынан туындайтын қауіп өте жоғары.

Жүктілік уақытында және оны жоспарлаған кезде (түсік пен тоқтап қалуды болдырмас үшін) дәрігердің тағайындауынсыз дәрі-дәрмектерді пайдаланудың қажеті жоқ. Дәрілерді пайдаланбас бұрын қоса беріліп отырған нұсқаулықты мұқият оқып шыққан жөн, жарамайтындардың қатарында жүктілік бар болуы мүмкін. Болашақ ана жүктіліктің орын алғанын білмей қалуы да мүмкін, содан келіп дәрілерді пайдаланса, қорытындысында жүктілік тоқтап қалады. Себебі эмбрион тератогеннің ықпалына өте сезгіш.

Жүктіліктің тоқтап қалуының себебі әйелдің гормоналды фонының бұзылуында болуы мүмкін, көп жағдайда бұл прогестерон – жүктілік гормонының жетіспеушілігі. Егер Сіздің анамнез кезіндегі жүктіліктің тоқтап қалуы, түсік, етеккірдің кешігіп келу оқиғалар болса және еркек типті жүндену байқалса, жүктілікті жоспарламас бұрын Сізге гормонға анализ тапсыру және қажет болған жағдайда емделуден өту керек, осылайша Сіз болашақта жүктіліктің тоқтап қалу мүмкіндігін төмендетесіз.

Жүктіліктің тоқтап қалуының тағы да бір себебі тек қана ерте сатыда емес, сондай-ақ үлкен мерзімде қауіп төндіретін әр түрлі инфекциялар болып табылады. Әсіресе орын алған инфекциялардың асқынуы айтарлықтай қауіпті емес, ал жүктілік кезінде жұқтырған инфекция өте қауіпті. Олардың кейбіреулерін жұқтыру (мысалға шешек және қызамық) тек қана жүктіліктің тоқтап қалуына ғана емес, сондай-ақ ең қауіптісі ұрықтың дамуындағы ауытқуға алып келуі мүмкін. Бұл ретте жүктілікті тоқтату мәселесі туындайды... Инфекциялар үлкен мерзімде жүктіліктің тоқтап қалуына алып келуі әбден мүмкін.

Жүктіліктің тоқтап қалуының ең жиі кездесетін себептерінің бірі ұрықтың генетикалық ауытқулары. Табиғат өзі «науқас» эмбрионның дамуына мүмкіндік бермейді және осыдан келіп жүктіліктің тоқтап қалуы мүмкін. Егер жүктіліктің тоқтап қалуының себебі осы жағдай негіз болып табылса және ата-аналарының дені сау болса, бұл жағдай қайталанбауы тиіс.

03.07.2011

айнур: бала туралы

балам канында инфекция бар сол туралы айтсаныз

Құрметті Айнұр!

Диагнозды анықтап және емдеу үшін Сізге тұрғылықты мекен-жай бойынша емханадағы педиатр кеңесіне немесе жұқпалы аурулар бойынша маманға жүгіну қажет.

03.07.2011

Диана: жүктілік

Сәлеметсіздер ме!

Менің балам осымен 2 жасқа толды, бірақ екіншісін көтере алмай жүрмін. Дәрігерге көрінгенімде бірнеше тексеруден кейін менде бәрі жақсы екендігін айтты. Босанған әйелде прогестерон гормоны 3 жылға дейін болатынын да айтты. Етеккірім да уақытылы келеді. Сонда тағы бір жыл күтуіме тура келе ме? Осы жайлы нақтырақ білгім келеді.  Рахмет!Smile

Диана, қайырлы күн!

Алғашқы бала туған соң аналар екінші рет бала көтеру туралы ойланатыны бесенеден белгілі жағдай. Адамның санасы көптеген заттарды тез ұмытатындықтан, бірінші рет бала туғандағы қиындықтар қатты елене қоймайды. Сонда да екінші рет босанған қалай болады екен дегендей сауалдар туатыны белгілі. Ол алдыңғымен салыстырғанда жеңіл бола ма, ауыр бола ма? Бұл жауапқа біржақты жауап беру қиын. Бұл мәселе әйел адамның жасы, созылмалы аурулармен ауыруы сияқты факторларға байланысты. Нақты бір нәрсені ғана айтуға болады: жүктілік пен босану дәлме-дәл сәйкес келе бермейді.

Алғашқы жүктілік кезінде ағза екі еселенген режимде жұмыс істейді, нәрлі заттар, дәрумендер мен микроэлементтер көп мөлшерде жұмсалады. Сонымен қатар гормоналдық тұрғыда өзгерістер туындағандықтан, иммунитет те шамалы әлсірейді. Сондықтан қалыпқа келу үшін біраз уақыт қажет. Яғни әр жүктіліктің арасында екі, үш жыл аралығы сақталу керек.

Бірақ келесі бала көтеру уақыт аралығы жеті жастан ұзақ болмау керек. Себебі ағза бұрын «басынан өткізген» өзгерістерді ұмытатындықтан, туу қиындай түседі.

Келесі бала көтеруде кездесетін қиындықтар:

  • Келесі реттік жүктілік көзге бірден байқалады. Алғашқы бала көтеруден кейін жатыр өзінің жүктілікке дейінгі болған көлемінен сәл үлкендеу болады.
  • Құрсақтағы қозғалыстар ерте байқалады. Алғашқы рет бала көтерген аналар сәбидің қозғалысын 20 аптаға қарай сезіне бастайды, ал екінші рет 18 аптадан кейін-ақ байқай алады.
  • Іштің әлдеқайда төмен орналасуы. Екінші рет бала көтергенде (20 аптаға қарай) бандаж кию қажет. Ол омыртқа жотасына түсетін салмақтан, дененің төменгі жағында орналасқан тамырлардың ауыруынан, жатырға тым қатты ауырлықтан түсуден қорғайды.

Егер алғашқы жүктілік жеңіл өтсе, екіншісі де солай болатыны белгілі. Алғашқы рет босану уақыты 12-14 сағат (кейде 20 cағатқа дейін), ал екінші рет 6-8 сағатқа ертерек бітуі мүмкін. Бұл ананың қалай демалу, дайындалу және босану керектігін білуіне тікелей байланысты.

11.06.2011

Эльза: Сұрақ

Сәлеметсиздерме. Қызымнын 3-4 кун болды иши отип жургенине, хилак форте жане куриштин кайаган суын берип жатырым тиылар емес. Ози 6 айлык, емшек ембейди. не истесем болады

Құрметті Эльза!

Сіздің сұрағыңызға жауап беруге тырысамын.

Біріншіден, егер сіздің қызыңыздың іші өтсе (диарея болса), сіз шұғыл түрде, өздігіңізден емделмей, учаскелік педиатрға жүгініңіз. Іш өтуді әр түрлі себептер болдыруы мүмкін. Дегенмен, ең қауіпті себебі ішектің жіті инфекциясы болуы мүмкін, ол балаларда ауыр өтеді және асқынуларға алып келеді. Екіншіден, ауру-сырқаты барысында баланы емізуге тырысыңыз, себебі емшек сүтінде емдеу қасиеті бар. Егер бала емшекті ембесе, ол баланың уланғаны туралы ақпарат. Бұл тағы да, шұғыл түрде дәрігерге жүгіну керектігі туралы хабар.

04.04.2011

Балзия: салеметсіздерме

салеметсіздерме баламды 3 айында емшектен шыгарып алдым себеди сутим суйык және аз болды енди баламды кайтадан емізгім келет кандай тәсілдер бар кайта емізуге болама балам казір 6 айлык кандай ем жасап дәрілер кабылдауга болама

Құрметті Балзия!

Өзіңіздің және сәбиіңіздің денсаулығын ойлайтын Сіздей аналардың болғанына риза болып отырмыз. Өйткені ана сүтін емген бала басқаларға қарағанда, қашан да, дені сау болып келеді, ауырып қалған жағдайда да, тезірек айығып кетеді. Ал баласын емізетін әйел көптеген аурулардан, соның ішінде сүт безі обырынан өзін сақтап қалады. Сізге пайдасы тиер деген үмітпен, келесі ақпаратты ұсынуды жөн көрдім. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «Баланы дұрыс емізудің он қағидасы» атты халықаралық бағдарлама бар, бүкіл әлемдегі аналар сәбилерін осы қағидалар бойынша емізеді. Осы бағдарламаға сәйкес баланы алты айға дейін тек қана ана сүтімен емізу қажет. Алты айдан бастап қосымша тамақ беруге болады, алайда емізу жалғаса береді. Сіздің балаңыз 6 айда екен, демек Сіз оны емізуді жалғастырып, басқа да қосымша тамақ беруіңізге болады. Әрине, балаңыздың үш айлық кезінде оған қоспа бере бастағаныңыз өкінішті-ақ, алайда, есіңізде болсын, «сүтім аз, сұйық, құнарсыз» деген ұғымдар болмайды. Бұл тәжірибесі аз жас аналардың ойлап тапқаны. Есіңізде болсын, Сіздің ағзаңыз сүтті Сіздің сәбиіңізге қажетті мөлшерде бөліп шығарады. Ал енді, балаңызды қайтадан емізе бастау үшін не істеу қажет, соған қатысты кеңестерді ұсынып отырмыз.

Балаға қайтадан ана сүтін бере бастаудың бір әдісі бұл жасанды қоспадан мүлдем бас тарту болып табылады. Алайда, егер қоспа балаға біраздан бері беріліп жүрген болса, оны одан мүлдем айырып, тек қана ана сүтімен емізе бастау үшін біраз уақыт қажет болады, бұл бір күнде шешілетін дүние емес. 6 айға толмаған баланы қайтадан тек ана сүтімен емізуге үйрету үшін, қарапайым тілмен айтқанда, анасы біраз тер төгуі қажет. Бұл үшін Сізге сабыр, табандылық және өз балаңызға деген терең аналық махаббат қажет болады.

Баланы қайтадан ана сүтіне үйретудің жалпы сызбасы төмендегідей

07.02.2011

Арман: Алкоголь

Мен өз басым ішімдікке қарсымын. Бірақ жолдастарыммен бас қосқанда, "қатардан қалмауға" мәжбүр болам. Қандай кеңес бересіздер?

Құрметті Арман! Сіздің ішімдікке қарсы болуыңыз тамаша ғой! Ішімдіктің адам ағзасына орны толмас зиян келтіріп, көптеген қайғы-қасірет әкелетініне бүкіл әлемнің көз жеткізгеніне біраз болды. Өкінішке орай, ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан белгілі бір алкоголді дәстүрлер қалыптасқан және көп адамдар осы дәстүрлердің шырмауынан шыға алмай жүр. Біз біреуді ренжітіп алмас үшін, не түсінбестік тудырмас үшін, тағысын тағы себептермен «ЖОҚ» дей алмай жатамыз. Бірақ, адам, ең алдымен, өзін ойлауы қажет. Бұл маған қаншалықты қажет? Мен – еркін адаммын, ішу не ішпеу – менің өз еркімде!

04.11.2010

 

Display Num 

Біздің сауалнама

Сіз салауатты өмір салтын ұстанасыз бa?
 

Серіктестер

Молодежный центр здоровья города Астаны
Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы